Домашние задания: Другие предметы

Люди пож. дайте ссылку где есть сочинение

"Казакстаннын болашагы"
Атымды айтқым келмейді, СӘЛЕМ! Мен сенің жаныңа тиіп жүрген нәрселерді түсініп отырмын. Ең алдымен саған айтарым, сонау Қытайдан тарихи отаныңа оралғаның, бұл жердегі қазақтың санын тым болмаса бір адамға көбейткенің үшін саған АЛҒЫСЫМ шексіз. Әрине, өзің айтып отырғандай, Қазақстандағы қазақтар жайы бұрынғы мүшкіл халінен әлі де арыла алмай келеді. Бірақ, ойлап қарашы, тағдырдың жазуымен амалсыз орыстың отарына түскен қазақ бұған кінәлі ме? Немесе, сол отар болудан қашып өзге елдерген бытырап кеткен қандастарымыз, яғни сенің аталарың кінәлі ме? Кім кінәлі? Мұның бәріне заман кінәлі сияқты. Ол қиын шақтарда қазақтың алдында басқа жол жоқ еді, не өз жерінде қалып, осындай қиын шақтарды басынан өткеруі керек не ел-жерін тастап көшу керек болды.
Дегенмен, жүрегі ұлтым деп соғатын бауырларымыз сен айтқандай сонша азайып кеткен жоқ. Мен өзім Орал яғни Батыс Қазақстанның ұлымын. Өз аймағым бойынша айтайын. Орал - Қазақстан бойынша Мәскеуге ең жақын қала. бізге Алматы мен Астанадан гөрі Мәскеу жақын, ол бізден 700-800 шақырым. Ал Астана 2000 шақырым жер. Бірақ, бір ғажап нәрсе, бізде қазақтар басқа өңірлердегідей орыстанбаған. Мен Астанаға келгенше орыс тілін мүлдем білмейтінмін. Әрине, Оралдың өзінде ғана орыстар аз-маз тұрады. Ал ауылдық жерлерге барсаң, орыс тілін жақсы білетін қазақты шаммен іздеп таппайсың. Кезінде біз кішкентайымызда орыс көрсек, зоопаркте жүргендей таңданушы едік.
Міне, сол Оралдың нағыз ұлтшыл азаматтарының бірі - менмін. Газет бетін ашсам да, теледидарды қоссам да, интернетті қарасам да, ең бірінші іздейтінім - тіл мәселесі. Айналамдағы адамдарға, достарыма үнемі ана тіліміз жайында "уағыз" айтып жүрем. және өзім білетін нағыз ұлтшыл достарым көп-ақ.
Мен өзімді нағыз қазақпын деп есептеймін. Астанаға алғаш келгенде де мен мына жердің қазағы нағыз қазақ емес деп ойладым. Сен де қазақстандық қазақтарды солай ойлайды екенсің. Бірақ, менің ойымша бұлай ойлап керек емес. Сол сен жүрген Алматы қаласында 1986 жылы не болғанын білесің ғой. Ол кезде Алматыдағы қазақтың саны 20 пайыздан аспайтын еді. Ал одан бері қазақтың бәрі ұлтшыл болмай қалды деп айтуға болмас.
G D
G D
68 390
Лучший ответ

Похожие вопросы