Литература

Помогите найти стих Махжана Жумабаева Казахский язык плизз

сообщения от автора KAHAT смотрите. Он цитирует Жумабаева.
ВК
Владимир Касперов
89 493
Лучший ответ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп.

Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйқтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.

Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылыш алып "надандық" саған кезенді.
Шетке лақтыр, тымақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді-кеш басыңа мініп езгенді!

Кітап әпер, оқысын балаң, қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып басқалармен қатар бол,
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!

* * *

Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру -
Жас өспірім үмітті ерді бұзады.
Тер ағызып, өліп-талып табылған
Ата дәулет быт-шыт болып тозады.

Мағжан Жумабаев

Біреуіне - сен тәңірім деп табынад,
Біреуіне - мен құлың деп бағынад.
Біреуіне - садақа бер деп жалынад,
Біреуіне - құйрық болып тағылад.

Ылғи сорлы сағым қуып сабылад,
Ылғи түссіз бір сұр нәрсе жамылад.
Қазағы - қой, артынан оның ағылад,
Азаматқа қонақтық қой табылад.

Мағжан Жумабаев

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кідірме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
"Қарманған қарап қалмас! " - деген рас сөз,
Тоқтамай істе болсаң батып терге.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген, көмілулі қара жерге.

Мағжан Жумабаев

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!. .

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.

" Адам басы - алла добы" деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас.

Мағжан Жумабаев
Его зовут Магжан. Ищи Сервер. Казах. ру