Ажал жетсе өлдің бе,
Өлім келді көрдің бе.
Баянсызға салын ба,
Десе, тоқтау бердің бе
Білдім дедің не білдің,
Басыңа пайда не қылдың.
Бәрі де болды баянсыз,
Өзіңнен өзің жеңілдің.
Жетпесті қудың жеттің бе,
Барша жаннан өттің бе.
Тағдырың жазған ақ өлім,
Құтылып онан кеттің бе.
Жалғанды талақ қылыпсың,
Бас аяғын біліпсің.
Есі шыққан кісідей,
Құр сандалып жүріпсің.
Тиянақ көрме жалғанды,
Қуа берме арманды.
Пайғамбар мен сахаба,
Сен түгіл одан қалған-ды.
Қарманып едің таптың ба,
Қарындасқа жақтың ба,
Қарсыласқан жауыңды,
Қаніки жерге қақтың ба?
Өлместей оны көруші ең,
Соған да қарсы келуші ең.
Аяған сонан жаныңды,
Кімге сақтап беруші ең.
Құтырмай енді тек отыр,
Күнәңа уайым жеп отыр.
Алдыңда кірер үйің бар,
А, тоба енді деп отыр.
Скачала с его форума
Домашние задания: Другие предметы
Нужен срочно стих помогите плиииз!Стих на казахском языке Автора Абая Кунанбаева!
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды,
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай сырт айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына тез тақалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай* жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды,
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай сырт айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына тез тақалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай* жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Похожие вопросы
- Помогите! Стих! Помогите найти стих на беларускам языке пра вайну. Объёмный и интернесный.
- ПоМогите срочно...нужено большое стихотворение на казахском языке.Автор Ахмет Байтурсынов!!
- нужен небольшой текст в НАУЧНОМ стиле на казахском языке (на любую тему: про страны, растения, животные и т. д.)
- Всем привет. Люди, помогите, пожалуйста, найти стих Стих на казахском языке про праздник Наурыз с русским переводом.
- нужен стих на казахском языке про весну 10 строчек
- Поиогите) Нужен стих на казахском языке про Наурыз! Маленький 8 строчек (Можно больше0 Спасибо)
- Помогите , если знаете казахский! Помогите найти пословицы на казахском языке , ПРО РОДИНУ!!!)))
- Мне нужно два стиха на казахском языке про маму. Не на восьмое марта стихи не длинные
- Синонемы и антонемы на казахском. Нужны 10 синонемов и 10 антонемов на казахском языке !
- Помогите пожалуйста перевести на казахский язык!