1. Ағайын – алтау, ана – біреу.
(Родни много, а мать – одна).
2. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
(Даже если трижды мать на себе в Мекку перевезешь, с долгом перед ней не рассчитаешься).
3. Ұл туғанға – күн туар.
(Мать, родившую сына, счастье ждёт).
5. Әкесіз жетім – жартылай жетім, шешесіз жетім – бүтін жетім.
(Сирота без отца – полусирота, сирота без матери – круглая сирота).
6. Әкені көріп ұл өсер, ананы (шешені) көріп қыз өсер.
(Сын берет пример с отца, дочь – с матери).
7. Анасын көріп қызын ал.
(Возьми замуж дочь, прежде узнав, кто её мать).
8. Бала – көңiлдiң гүлi, көздiң нұры.
(Дети – цветы души и свет для глаз).
9. Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.
(Если жена хорошая, гости не переводятся в доме;
если жена плохая, даже друг обходит твой дом).
10. Алты ұл туған ананы – ханым десе болады, кезек сыйласқан ағайынды – жаным десе болады.
(Мать, родившую шестерых сыновей, называй царицей; хорошую родню называй души частицей).
11. Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
(Дом с детьми – базар, дом без детей – могила).
12. Бала тәрбиесі – бесіктен.
(Воспитание ребёнка начинается с колыбели).
13. Бабасы еккенді баласы орады.
(Посеянное отцами детям пожинать).
14. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
(Что видел в гнезде, то и будет ловить, когда вылетит).
15. Баласы әкесінің артынан келе жатыр.
(Сын идёт вслед за отцом).
16. Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
(Добрая слава отца сорок лет служит непутёвому сыну).
17. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.
(Братья дружны – коней много, невестки дружны – еды много).
18. Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу – ұлыңдай.
(Хорошая невестка, как дочь родная; хороший зять, как сын родной).
19. Қыз – қонақ.
(Дочка – гостья).
19. Бесіксіз үйде береке жоқ.
(В доме, где колыбель не качают, уюта не бывает).
ОТБАСЫ
.
это надо у качевников спрашивать! поиши в степи