Миша Дудов
Бір биге
Мағжан Жұмабаев
Ә, биіміз, биіміз,
Түрленіп қапты үйіңіз,
Тым-ақ тәуір күйіңіз.
Байқаймын, мол ғой, тегінде,
Алатын елден сыйыңыз.
«Сен» деп сізге не дейін,
Тамұқта мәңгі күйіңіз!
и вот ещё
Көкек
Әбділда Тәжібаев
Бір қонып, бір секектеп,
Атым менің «көкек!» - деп.
Керек болса саған жаз
Келдім дейді жетектеп.
Қорықпандар жаз өтет деп,
Мен ғой келген жетектеп,
Тұрады жаз тамылжып,
Қойсам болды «көкек!» - деп.