Лингвистика

пословицы о еде на казахском языке

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК (АС) ТУРАЛЫ

► Ас – адамның арқауы.
(Еда человеку силу даёт).

► Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
(Где хорошая пища обитает, там болезни не бывает).

► Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
(Дом, где нет еды, и собака избегает).

► Аштық ас талғатпайды.
(Голод еду не выбирает).

► Аштың ақылы астан әрі аспайды.
(Все мысли голодного вокруг еды вращаются).

► Ер азығы мен бөрi азығы жолда.
(Пища молодца и волка – в пути).

► Еттiң бәрi қазы емес, иттiң бәрi тазы емес.
(Не всё мясо – казы, не все собаки – гончие).

► Еттен дәм кетсе, ұрлықтын мәні кетер.
(Если мясо вкус потеряет, скотокрадство смысл утеряет).

► Жылқының еті жесең – тісіне кіреді,
Жемесең – түсіңе кіреді.
(Конину поешь – остается в зубах, а не поешь – будешь видеть во снах).

► Жарты құрсақ пайда, бүтін құрсақ қайда.
(Наполовину полный желудок – польза, а переполненный – вред).

► Қарны ашқан қазанға қарар.
(Голодный только в котёл смотрит).

► Қасық тары ботқа болмас, ботқа болса да, жұртқа болмас.
(Из ложки пшена каши не сварить, а если и сварить, всех не накормить).

► Өзi тойса да көзi тоймайды.
(Сам наелся, да глаза не насытились).

► Сыйлап берген су да тәттi.
(Поданная с уважением и вода сладкая).

► Тату үйдiң тамағы тәттi.
(В дружном доме вся еда вкусная).



► Адатықтан ұдкен ат жоқ,
Наннан ұлкен ас жоқ.
(Самое святое имя – человек,
Самая святая пища – хлеб).

► Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
(Много белого снега – много белого хлеба).

► Ас атасы – нан.
(Отец еды – хлеб).

► Ат адамның қанаты, ас адамның қуаты.
(Конь – для человека как крылья, а в хлебе его сила).

► Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
(Стол без хлеба смотрится бедно).

► Егінші нанын жейді,
Еріншек арын жейді.
(Пахарь хлеб свой ест,
Лодырь совесть проест).

► Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді,
Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиедi.
(Поработаешь усердно – губы к хлебу прикоснутся,
Поработаешь лениво – губы к камню прикоснутся).

► Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.
(Трудна работа, да сладок хлеб).

► Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
Шөлдегенге қара су да бал татыр.
(Голодному – черный хлеб покажется маслом,
Жаждущему – сырая вода покажется мёдом).

► Нан болса, ән де болады.
(Будет хлеб – будет и песня).

► Шегірткеден қорыққан егін екпес.
(Саранчи бояться – хлеб не растить).
.
Дархан Тлеубеков
Дархан Тлеубеков
84 104
Лучший ответ
Ас - адамнын аркауы