Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.
Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой...
Автор не указан, https://www.zharar.com/tags/22+Наурыз+-+Наурыз+мейрамы+туралы+қазақша+өлең/
***
Кенже Жұмағұлов
НАУРЫЗ КЕЛДІ
Жан дүниең ерекше күйге енетін,
Күн сәулесі жып-жылы нұр беретін,
Жер төсінен тіршілік нәрін алып,
Балауса гүл ерекше түрге енетін
Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді!
Сары белде бусантып сағым жатыр,
Жылғалардан ағатын су да мөлдір.
Ту биенің төсінен уыз емген,
Жас құлынның шабысы күлдір-күлдір
Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді!
Тұрыс басқа, жүрісі одан өткен,
Аш беліне оралып бұрым жеткен.
Сұлу жанның еркелеп күлген сәті,
Талай жанның ұйқысын тәркі еткен
Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді!
Жігіттер жүр бәйгесін баптап қырда,
Ертең көкпар, айтылар талай жыр да,
Қалындыққа жолыққан күйеу жігіт,
Женгесіне сыйлапты алтын сырға
Жыр бастауы дүркіреп Наурыз келді!
Кимешігі жарасып ақ жүзіне,
Анашым жүр, пейілі ел үстінде,
Сон-ооу төбе басында жиын құрған,
Ақсақалдар-абыздар пір емес пе,
Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді !
О, Жаратқан халқыма жігер берші,
Қыдыр ата, бақ тілер, асыл елші.
Қан жүгіріп құлпырған мына әлемге
Байтақ елім құт қонып, еркін енші
Жыл басталды – Ұлыстың ұлы күні!
.
