Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санаймыз екеуміз.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – мамам,
Ортан үйрек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкентай бөбек – сен.
Стихотворная загадка Ибрая Алтынсарина о маме.
Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолда талпынтқан;
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Бұл кім?
(Ана)
Ыбырай Алтынсарин
.
