ЕА
Евгений Андреев
Әжем мен Әлен
Әжеме сыр ақтарып,
Әлен отыр мақтанып:
- Дәрігер болу - талабым.
Жаңа дәрі табамын.
Шипалы шөп теремін.
Әлдендіргіш дәріні,
Әже, саған беремін.
Жайраң қағып, әр кіріп,
Жасарасың мәңгілік.
Әжем айтты: "Құлыным,
Ықыласыңа жылыдым.
Мынау сөзбен шырағым,
Мың жасайтын шығармы".
автор Әдібай Табылдиев (басқасын таба алмадым)