Алексей Маслак
Алексей Маслак

переведите с казахского на русский Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

0
0
0
Другие вопросы
P.S. что это значит люди часто встречается но не понимаю что это такое ?
Почему в СССР не следили за гигиеной на мясокомбинатах? Люди, работавшие там, рассказывали ужасные истории, чего стоят о
Вопрос как всегда внутри.
скажите пжл, я хочу пойти на юриста, щас в 11 кл, вот какие предметы по ЕГЭ мне надо сдать?
Как стать более уверенным и лишиться этих комплексов?
Подскажите пожалуйста, функции права и функции правового регулирования это одно и тоже?
Вы довольны тем что родились?
В каком возрасте у вас были самые первые честно заработанные деньги?
Кто учился на курсах ЕШКО по специальности "массаж", соящее это дело или нет, а просто деньги на ветер?!
Перечислите основных князей, принявших участие в феодальной войне второй четверти 15 века
поддерживает ли bada приложение TMDriver
Почему в РФ столько пьют? эт ппц.. . деваться некуда. . на улице мудик пьет водку залпом.. . и идет домой чтобы жена
Профессия - переводчик.
помогите с химией на экзамен. завтра надо сдать...
Помогите пожалуйста с информатикой!! ! вот задание: Правильной записью числа в двенадцатиричной системе счисления являетс