1. Бала тәрбиесі – бесіктен.
(Воспитание ребёнка начинается с колыбели).
2. Бабасы еккенді баласы орады.
(Посеянное отцами детям пожинать).
3. Баласы әкесінің артынан келе жатыр.
(Сын идёт вслед за отцом).
4. Әкені көріп ұл өсер, ананы (шешені) көріп қыз өсер.
(Сын берет пример с отца, дочь – с матери).
5. Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
(Дом с детьми что базар – дом без детей что могила).
6. Ұл туғанға – күн туар.
(Мать, родившую сына, счастье ждёт).
7. Әкесіз жетім – жартылай жетім, шешесіз жетім – бүтін жетім.
(Сирота без отца – полусирота, сирота без матери – круглая сирота).
О ДРУГЕ, ДРУЖБЕ
1. Татулық – табылмас бақыт.
(Дружба – богатство бесценное).
2. Жүз сомың болғанша – жүз досың болсын.
(Не имей сто рублей, а имей сто друзей).
3. Дос құшағы – жаз.
(Объятия друга – лето).
4. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
(Дерево крепко корнями, человек – друзьями).
5. Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман достан мың сақтан.
(Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз).
6. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
(Чем плохой друг, лучше достойный враг).
7. Жалған достан жау артық.
(Лучше враг, чем лживый друг).
.
