ЕҢБЕКҚАШҚАН, ЕРІНШЕК, БОЙКҮЙЕЗ, ЖАЛҚАУ – ленивый, лентяй, лодырь.
✅ Еріншектің ісі – екі.
Лень из одной работы две делает.
✅ Еріншекке жоқ сылтау.
Лентяй всегда оправдает свою лень.
✅ Жалқаудың соры – байлығы.
Богатство лентяю лени прибавляет.
✅ Саудың асын ішіп,
Аурудың ісін істейді.
Ест как здоровый,
Работает как больной.
✅ Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.
Лишившись овец, двор огородил.
✅ Жалқауға күнде той.
Лодырю каждый день праздник.
✅ Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Лодырь лежа ест, сидя спит.
✅ Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
Дурень смеётся беспрерывно,
А лодырь спит беспросыпно.
✅ Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.
Ленивого не проймёшь словом, неповоротливого – палкой.
✅ Жалқау жатып бұйырады.
Лентяй командует лежа.
✅ Жалқау өзіне – жау.
Лодырь сам себе враг.
✅ Жалқаудың жауы – жұмыс.
Злейший враг лентяю – труд.
✅ Жатып ішер жалқаулар.
Лодыри – дармоеды.
✅ Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Работяга встаёт со сна бодрым,
Лодырь – разбитым.
✅ Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Лодырю всякая работа легка, если отложить её на завтра.
✅ Жан аяр жау жеңе алмас,
Еріншек егін ала алмас.
Трусу врага не одолеть,
Лентяю урожай не собрать.
✅ Айран ұйытса, іріткен.
Тері илесе, шіріткен.
Взялся простоквашу ставить – молоко прокисло.
Взялся кожу дубить – шкуру сгноил.
✅ Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты.
Ленивого хлебопашца старательный собиратель колосков обошёл.
