Домашние задания: Другие предметы

срочно нужно перевести текст на казахский язык ( грамотно и быстро ) заранее спасибо

Магжан Бекенулы Жумабаев родился 25 июня 1893 года в урочище Сасыккуль Сарыайгырской волости Петропавловского уезда. Умер 19 марта 1938 года в Алма-Ате. Магжан происходил из зажиточной семьи, его отец Бекен был бием, волостным управителем. С четырех лет он начинает изучать восточные языки и литературу. Ранние стихи Магжана не сохранились. Арабский, персидский и турецкий языки он продолжает осваивать в медресе Бегишева в Кзыл-Орде, получив там среднее мусульманское образование. В 1910 году он поступает в медресе Галия, высшее мусульманское заведение в городе Уфе. Но по совету преподавателя Галымжана Ибрагимова, ставшего классиком татарской литературы, Магжан ищет другие пути пополнения образования. При содействии Ибрагимова в 1912 году в Казани впервые выходят в печати произведения юного Магжана. В этот же период при наставничестве со стороны Миржакипа Дулатова и Ахмета Байтурсынова он изучает русский язык, знакомится с русской и европейской литературой, сотрудничает с газетой "Казах". Магжан поступает в 1913 году в Омскую учительскую семинарию. В годы, проведенные в Омске, Магжан принимает активное участие в создании общества "Бирлик" ("Единство"), редактирует его рукописный журнал "Балапан". заранее спасибо ( нужно срочно )
Подойди творчески к переводу
http://lit.kz/kz/authors/kazakhstan/zhumabaev-magzhan
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы) . Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Анна Гридина
Анна Гридина
3 420
Лучший ответ
проблематично, профессионального казязыка не СУЩЕСТВУЕТ, технический -хромает, бытовой есть но не все его ПОНИМАЮТ....
беспалов дима пока не научишься умрешь голодным