Вода – су.
❄️ Ағын су арам болмас, ит жалдап жалатса да.
Проточная вода всегда чиста, даже если и собака пила.
❄️ Ағын судың арамдығы жоқ.
В проточной воде грязи не бывает.
❄️ Сағадағы су ішеді, аяқтағы у ішеді.
У истока реки живущие воду чистую пьют, в конце реки живущие яд пьют.
❄️ Судың да сұрауы бар.
И на воду есть спрос.
❄️ Тамшыдан тама берсе – дария болар.
Капля за каплей собирается – река появляется.
❄️ Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді.
Вода от истока портится, а рыба пропадает с головы.
❄️ Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.
Если б не источник, засохла бы река.
❄️ Су аққан жерінен ағады, шөп шыққан жеріне шығады.
Вода течёт, где всегда текла, трава растёт, где всегда росла.
❄️ Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – күйерсің.
Не шути с водой – утонешь, не играй с огнём – сгоришь.
❄️ От пен су – тілсіз жау.
Огонь и вода – два немых врага.
