ВЯ
Вероничка Я
«Татьянаңың Онегинге жазған хаты»
Амал жоқ – қайтым білдірмей,
Япырау, қайтып айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартмын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.
Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсен де
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер көрсем де.
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ой жатуға
Ұзақ түн жұмбай көзімді
Қызықтан қашып бұл жерге
Көңіліңіз суып келіпсіз
Мәнісін сұрап білуге
Тілдесе алмаймын еріксіз...