ЛЗ
Любовь Задорожная

рассказт о гимне казахстана на казахском языке

Анна Броскина
Анна Броскина

«Менің Қазақстаным» — Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет) :
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет) :
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ән ұран "Менің Қазақстаным" әні. Кезінде өткен ғасырдың орта тұсында бұрыңғы Целиноградты (қазіргі Ақмола облысы) немістерге автономия ғып бермек болғанда наразылық танытып қарсы шыққан қазақ жастарына дем берген осы өлең болатын. Яғни еліміздің бір пұшпақ жерін өзгеге беруге қарсы болған ұлтжанды жастардың ұраны болды. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған вальс патшасы Шәмші ағамыз. Содан бері бұл ән халық арасында өз беделін алып баяғыда -ақ әнұран болып кетті. Естуімізше сол кездері кез келген той-томалақ осы әнсіз өтпейтін көрінеді. Қазірде солай. 2005-ші жылдың соңында "Менің Қазақстаным" әніне әнұран мәртебесін беру жөнінде Парламентте талқыланып, заң жобасы мақұлданды. 2006-шы жылдың 7-ші қаңтарында Президент заңға қол қойды. Содан бері қазақ елінің әнұраны "Менің Қазақстаным әні" Қазір оның тексіндегі авторына Елбасы да қосылды. Ол біраз өзгерістер енгізді. Өйтпегенде бұл ән әнұран болмаушы да еді. НӘН-нің аты қыстырылған соң, Парламенттегі шиібөрілер ұлардай шулап қолдап шыға келді. Дегенмен халық күні бүгінге дейін бұрыңғы мәтінімен айтып жүр. Тек ресми органдар әсіресе армияда ғана қазіргі Назекең өзгерткен (мүмкін басқа шығар) мәтіні айтылады. Қалай дегенмен де арада жарты ғасырдан асып барып мемлекеттік мәртебеге ие болған әнұранымыз жасасын! Жасасын Шәмші, Жасасын Жұмекен!!!

Похожие вопросы
нужно эссе про казахский язык. на казахском
пословицы о мясе на казахском языке?
Почему Казахстан переводит казахский язык на латиницу?
помогите пожалуйста с историей казахстана на казахском языке ТЕСТЫ
кто поёт гимн казахстана
про заповедники казахстана на казахском языке
Как перевести на казахский язык:
напишите города казахстана на казахском языке
Переведите плз на казахский язык..
С русского языка на казахский.