Сөз басы
Бір қүдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Мал дәулеттің байлығы
Бір жүтасаң жоқ болар.
Оқымыстың байлығы,
Күннен-күнге көп болар,
Еш жүтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған.. .
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған.. .
Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Надандықтың белгісі —
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай,
Ақ, қараны танымас.
...Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан.. .
Оқу білген адамдар,
Май тамызған қылыштан.. .
Білмегенді білуге,
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Әлпештеген ата-ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса —
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса —
Сүйеу болар бүл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан қүдайды,
Танымаған қүдайды
Неғылғанда ұнайды.. .
Шырағым адам болғай деп,
Ата-енең жылайды.
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
этот стих Ыбырая Алтынсарина, и уж точно не Абая Кунанбаева!
Гуманитарные науки
гденайти стих на казахском языке Кел балалар окылык
Абай Кунанбаев
не Абай Кунанбаев а Ыбырай Алтынсарин
напишите перевод стиха
нет это Мукагали Макатаева
Похожие вопросы
- Помогите пожалуйста найти стих про казахский язык только на русском! Буду очень благодарна!
- Люди добрые, кто знает казахский язык, помогите пожалуйста с переводами текстов...
- Помогите с переводом казахского языка
- как быстро и легко выучить текст на казахском языке, учитывая что я не знаю его?
- Помогите, пожалуйста, найти стих про Астану на казахском языке!
- Люди помогите.... кто знает казахский язык помогите перевести текст
- пословицы и поговорки на тему народ на казахском языке
- реферат на тему айтыс на казахском языке. Заранее благодарю
- Нужны пословицы на казахском языке о родине и о народе.
- как за 2 дня выучить по казахскому языку 360 синонимов