Музарт
БАҚЫТЫҢДЫ ТАНЫП АЛ
Туындамай тұрмайды сұрақ мүлде,
Жарық шаша қоймайды шырақ күнде.
Бақыт деп ойлағаның...
О несі екен?
Бақытсыздық боп шығар бір-ақ күнде!
Тағдыр деген осы ғой, толқымалы,
Пенде шіркін жоқ іздеп шарқ ұрады.
Белес қуып, алдамшы елес қуып,
Арманыма жетсем деп талпынады.